• Жармұхамбет ауылы «Жармұхамбет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сабақтың тақырыбы :Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы.
  • Оқушылардың дайындап келген материалдарын тыңдап көрелік
  • Ахмет Байтұрсыновтың
  • «Абай деректі драмасында»
  • Сабақты қорыту
  • Маған сабақ ұнады Маған сабақ ұнамады Менің тағы білгім келеді

  • Скачать 75.66 Kb.


    Дата16.05.2017
    Размер75.66 Kb.
    ТипСабақ

    Скачать 75.66 Kb.

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі



    Курманжанова Кенжегул Айтақынқызы

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

    Қарасай ауданы

    Елтай ауылдық округі

    Жармұхамбет ауылы

    «Жармұхамбет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    Сабақтың тақырыбы :Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы.

    Сабақтың мақсаты: 1.Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу. Абай мұрасын зерттеуші ғалымдар мен олардың ой –пікірлерін түсіндіру, оқушы бойына дарыту.

    2.Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;

    3. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып оқушыларды адами қасиеттерге баулу, үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

    Сабақтың түрі : танымдық сабақ

    Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, іздендіру, ойландыру

    Сабақтың көрнекілігі : Абай туралы деректер,слайд, суреттер,оқулықтар;

    Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих.

    Сабақтың барысы :

    І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушыларды топтарға бөлу,

    І-топ : «Ойшылдар »

    ІІ-топ «Алғырлар»

    амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

    «Кім жылдам?» ойыны арқылы тексеремін. Әр топ басшысы сұраққа жауап беріп отырған баланы бағалап отырады.

    «АБАЙ - ТАРИХ , ТҰЛҒА, УАҚЫТ» слайдын ақырын көрсете отырып сұрақтарна жауап алу.

    І-топқа:

    1. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

    2. Абайдың әкесі Құнанбай қандай адам болған,қандай жолды

    ұстанған?

    3. Абай қай жерлерде,қандай білім алған?

    4. Абайдың қандай өлеңін жатқа білесің?

    5. Абайдың қанша қара сөзі бар?

    6. Абай шығыс әдебиетінен қандай үлгі алды?

    7. Қазақ әдебиетінің дамуына қандай үлес қосты?

    8. Абай қандай рудан шыққан?

    9. Қай жерде Абай ескерткіші орналасқан ?

    10. Абайды әжесі қалай атаған?


    ІІ- топқа

    1.М. Әуезов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

    2. Мұхтар кімнің тәрбиесінде болды?

    3. Ең алғаш қай жерде білім алды?

    4. Әкесі оған кімнің өлеңдерін оқытып, сусындатты?

    5. Ең алғашқы шығармасы қалай аталады?

    6. Ең үлкен туындысы қалай аталады?

    7. Мұхтар қандай силықтардың иегері?

    8. 1919 жылы қандай оқу орынын аяқтады?

    9. М.Әуезовтың аты берілген қандай мәдени орындарды білесіңдер?

    10. М.Әуезов қай жылы қайтыс болды?

    Академик-жазушы Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасын зерттеуді алғаш қолға алып, оның абайтану деген үлкен саласының негізін қалады. Ғалым ақын шығармаларын ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеу барысында ақынның ғылыми өмірбаянын жазып, Абай өлеңдерінің дерек көздерін анықтап, көптеген текстологиялық нақты түзетулер енгізді, шығармаларының реалистік шеберлігін талдап, оның шығыс, батыс және орыс әбиетімен байланысын ашып берді. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі туралы, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі хақында тұжырымды пікірлер айтты. Атақты «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтың абайтану ғылымының негізін қалап қалыптастыру, ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіндегі қызметі де аса зор.

    Оқушылардың дайындап келген материалдарын тыңдап көрелік.

    Постер: І-топ ІІ-топ





    Абай кім?

    ІІІ. Жаңа сабақ: Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтың ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері.

    М.Дулатов: «Үнемі бұл күйде тұрсақ, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар», - деген еді.
    «Абай мұрасының зерттелуі жайлы» слайд көрсетіліп, түсінік беріледі.

    БӨКЕЙХАНОВ Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы. Баспасөз жұмысына 1880 жылдардан бастап араласады.

    Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. Атақты ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский мен академик В. И. Ламанский редакциясымен жарық көрген «Россия. Біздің отанымыздың толық георафиялық сипаттамасы» атты көп томдық ітаптың 18-томы қазақ тарихына арналып, киргизский край» деп аталып, 1903 ж. Петербургте басылып шыққан (көлемі -78 бет). «Қырғыз аймағының тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» деп атаған 4-ші және «Қырғыз аймағының территория бойынша орналасу тәртібі және оның этнографиялық құрамы, тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын тарауларында Әлихан қазақ халқының тарихына, алып жатқан территориясы мен ақыл-ой санасына токталады. Қазақ халқының рухани мәдениет байлығын баяндай келіп, ауыз әдебиетінің түрлерін талдайды. Халық дастандарына сипаттама беріп, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырына ерекше көңіл аударады. Шортанбай, Ноғайбай сияқты және басқа ақындарды атап айта келіп, Абайға ерекше тоқтап, оны казақтың жаңа әдебиетінің көш басшысы деп бағалайды: «Енді қырғыз поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі ретінде Құнанбаевты - формасы жағынан айрықша және мазмұны жағынан (әсіресе топтағы бейнелеуде) арынды көптеген өлеңдердің авторы деп атауға болады. Осы автор «Евгений Онегин» және Лермонтовтың көптеген өлендерін (қырғыздарға түсініктілеулерін) жақсы аударған, сондықтан да Семей әншілерінің аузынан «Татьянаның хаты» атты өлеңін тыңдауға болады».

    Сөйтіп, Абайдың көзі тірісіңде, оны орыстың оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған адам - Әлихан Бөкейханов. Абай қайтыс болған соң, Әлихан ақынның өмірбаянын орыс тілінде жазып, Семейде шығып тұратын «Семипалатинский листок» атты газетте 1905 ж. жариялайды. Содан екі жыл өткен соң 1907 жылы «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русско-го географического Общества» деп аталатын кітапта Абайдың өмірбаяны фото-суретімен бірге тағы басылып шықты. Онда Б. ақынның туған жерін, шыққан ортасын, білім алу жолын баяндайды. Абайдың ата-бабасымен таныстыра отырып, оқуын, тәлім-тәрбиесін, білімін, ақындығын, даналығын, орыс революционерлерімен таныстығын айтады. Мақала соңында жақын арада Абай өлеңдер жинағының басылып шығатынын хабарлайды. Бірақ, солай десе де, Абай жинағы бұл мерзімде шықпай калған. Оның себебі, Бөкейханов 1906 жылы 8 қаңтарда тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. Сол Павлодар түрмесіне жабылғаңда, оның портфелінде Абай өлеңдері жинағының қолжазбасы болған. Бөкейханов 1908 жылы түрмеде тағы да отырып шығады. Сөйтіп, Абайдың өлеңдер жинағы тек 1909 жылы жарық көреді. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» атты мақаласында былай дейді: 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, онан кейін Семейдегі «географический обществоның» шығарған бір кітабында Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржіма хатын жазды, Һәм кешікпей кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады. 1909 жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризалығы Һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бораганский баспасында басылып шықты. Бұл күнгі қолымыздағы кітап сол бірінші баспасы. Сөйтіп, Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы Әлиханның басшылығымен жарық көрген.


    Ахмет Байтұрсыновтың Абайға арнаған негізгі еңбегі «Қазақтың бас ақыны» («Қазақ», 1913, № 39-41) деп аталады. Бұл мақалада көптеген мәселелерге мән берілген. Абай шығармаларының Семей, Ақмола облыстарына таралып, Торғай жағында белгісіздеу болу себептері ашылады. Абайдың әдебиет тарихындағы орнын зерттеуші дәл анықтап, оны қазақтың бас ақыны деп керсетеді. Шыққан тегін, бабалары Ырғызбай, Өскенбай, әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, нағашылары Қаракесектің Бошан руынан шыққан Қаздауысты Қазыбек ұрпағының Бертіс би тармағынан өсіп-өнген күлдіргі, қалжыңның әйгілі ұсталары Қантай, Тонтай екендігін таратады. Абай қайда, қанша жыл оқыды, әлеуметтік іске қашан араласты деген сауалдардың жауабы бар. Жер аударылып келген оқығандар Е. П. Михаэлис, С. С. Гросс кеңесімен ақынның орыс жазушылары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. А. Некрасов, А. Н. Толстой, М. Е. Салтыков-Щедрин, Ф. М. Достоевский, В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Батыс оқымыстылары Спенсер, Льюс, Дрепер шығармаларымен танысқандығы айқындалады.

    Зерттеуші Абайдың жастық, жігіт шақтағы қалжың, ғашықтық өлеңдерден бірте-бірте терең мағыналы ғажап көркем поэзияға келгендігін дәлелдейді. Ақын шығармаларының үлгілеріне мән беріліп, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көк тұман алдындағы келер заман» өлеңдері талданады. Ұлы ақын шығармаларын қазақ баласына түгел таныту үшін насихаттау, көпке тарату жолдары айтылады.

    «Әдебиет танытқыш» (1926) теориялық еңбегінде Байтұрсынов сөзбен қалай сымбаттауға, кескіндеуге болатынын керсету үшін, Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы...», «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...» өлеңдері тексін берген. Сөз өнері табиғаты, өлең айшықтары, ағындары, түрлері, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас үлгілерін көрсеткенде Абай шығармаларынан мысал алған. «Қырық мысал», «Маса» кітаптарында ұлы Абайдың керкем ойлары, поэтикалық үлгілері, өлең өлшемдері жаңғыра құлпырып, жандана түсті, жаңашыл дәстүр ілгері жалғасты.
    «Абай деректі драмасында» пікір айтқан қазіргі кездегі Абайтанушылар жайында қысқаша үзінділер:
    INSERT (түртіп алу жүйесі)


    Білемін V

    Мен үшін жаңа +

    Білмеймін -

    Ізденемін ?















    Сабақты қорыту:

    1.Абайдың шын аты кім?

    А) Абай

    В) Телғара

    С) Ибраһим

    Д) Ибрағали


    2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?

    А) 9


    В) 10

    С) 11


    Д)12
    3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?

    А) Ділдаға

    В) Зереге

    С) анасы

    Д) немересі
    4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

    А) әжесі

    В) қызы

    С) анасы

    Д) немересі
    5. Абай қай рудан шықты?

    А) Арғын

    В) Тобықты

    С) Шекті



    Д) Найман
    «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесін толтыру.

    Маған сабақ ұнады

    Маған сабақ ұнамады

    Менің тағы білгім келеді










    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі

    Скачать 75.66 Kb.