• Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
  • Еуропа елдерімен ынтымақтастық
  • АҚШ-пен ынтымақтастық
  • Азия елдерімен ынтымақтастық

  • Скачать 92.63 Kb.


    Дата27.10.2017
    Размер92.63 Kb.

    Скачать 92.63 Kb.

    Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық салымдардың маңызы



    ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛЫМДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
    Абылай Қыдырұлы Изатов, abylai03081994@mail.ru

    І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған

    Ғылыми жетекші – э.ғ.м., аға оқытушы Н.Б.Сыздықбаева

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Жаңа Жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа инвестициялық саясаттың негіздерін айқындап берді. Онда таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті:


    • экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 % деңгейінде қамтамасыз ету;

    • өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

    • экономикаға жыл сайынғы инвестициялар көлемін 10 миллиард астам ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде 100 миллиард долларға жеткізу;

    • 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру [1.].

    Жоғары технологияларды, ғылымды кең көлемде қажетсiнетiн өндiрiстiң дамуын жеделдететін мақсатты ғылыми-техникалық, өнеркəсiптiк, инвестициялық саясат іске аспайынша, экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкiн емес сондықтан, мемлекеттiк инвестициялық саясатты күшейту Қазақстанда да жүргiзiлуде.

    Ұлттық экономикадағы инвестициялық саясатты жетілдіре отырып, инвестициялық үдерістердің даму ерекшеліктерін анықтаудағы тәсілдерді көрсетуге болады. Жетілдірудің мәселелерін негіздеуді дамытудың бастысы, оның жағдайына және оған мемлекеттік басқару институттарының ықпал етуі, сондықтан да, экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлін және инвестициялық нарықтағы функциясын анықтау әлі де болса өзекті мәселенің бірі. Инвестициялар мемлекет үшін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, шаруашылық субьектілер қызметіне маңызды болып табылады. Инвестициялық қызметті реттеу мемлекет үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды және еліміз тәуелсіздік алғалы бері инвестициялық қызметті жан-жақты қадағалайтын 70-тен аса нормативтік-құқықтық актілер қабылдады. Еліміздегі нарықтық қатынастардың қалыптасу үдерісі инвестициялық қызметтің сипаты мен шарттарын өзгертті. Инвестиция кез-келген ұлттық экономиканың маңызды, қажетті қоры болып отыр және экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, жүргізіліп жатқан реформаларды іске асырудың басты көзі деп айтсақ қателеспейміз. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру сонымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек [2.].

    Қазіргі кезде халықаралық инвестициялау кең қолданысқа ие, яғни шетелдік эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу, олар салынған инвестициядан өте жоғары табыс алады.

    Қазақстан Республикасының Инвестицияларды көтермелеу және қорғау саласында халықаралық құқықтық базасын жетілдіру ол Қазақстанның инвестициялық тартылымдығының маңызды бағыттарының бірі инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау саласындағы халықаралық құқықтық базаны жетілдіру болып табылады.

    Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімдер шетелдегі қазақстандық инвестицияларды және Қазақстан аумағындағы шетелдік инвестицияларды қорғау үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасайды. Сонымен бірге, инвестициялық ахуалдың жақсаруына және мемлекеттер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді [3.].

    Бұдан басқа, қазіргі таңда 20-дан астам Келісім жобалары пысықталуда, ратификация сатысында 6 Келісім бар.

    Бүгінгі таңда, Қазақстанда макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жетті, ол елдегі инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты.

    Қазақстан Республикасы және бірқатар елдер арасында, мысалы: Әзірбайжан, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Болгария, Венгрия, Грузия, Германия, Египет, Израиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, Өзбекстан, Украина, Түркменстан, Швейцария, басқа да Бельгия-Люксембургтық ұйыммен өзара қолдау және инвестицияларды қорғау туралы екіжақты келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды.

    Қазақстан 45 елмен инвестицияларды қорғау, көтермелеу жөнінде келісім - шарт жасады және Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде бір Келісім жасады. Олардың ішінде АҚШ, ҚХР, Нидерланды, Ұлыбритания, Швейцария, Франция және т.б. сияқты мемлекеттер бар. Сонымен қатар,ол келісімдерде инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктері қарастырылған. Мысалы: дискриминациядан, реквизициялаудан,  мемлекеттік меншіктеуден, инвестициялық дауларды халықаралық арбитраж соттарында шешу құқығы.

    Бүгінде елдің ивестициялық ахуалын тиімді сипаттайтын факторлардың бірі әлеуметтік-саяси тұрақтылық болып табылады.

    2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы келесі мақсатты индикаторларды анықтады:

    1. Global-2000-ға енгізілген компаниялардың тізіміндегі елге тартылған мақсатты инвесторлардың саны: 2010 жылы - 2, 2011 жылы - 3, 2012 жылы - 4, 2013 жылы - 4, 2014 жылы - 5.

    2. Инвестицияларды қолдау мен қорғауға бағытталған шетел мемлекеттерімен жасалған келісімшарттардың жасалуы: 2010 жылы - 2, 2011 жылы - 2, 2012 жылы - 2, 2013 жылы - 2, 2014 жылы - 2.

    3. Standart & Poor’s (Fitch IBCA, Moody’s) халықаралық несие рейтингтік агенттіктерден несиелік рейтингісін алуы - 2012 жыл мен 2014 жыл (ВВВ+).


    Кесте 1 - Қазақстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімшарт жасасқан елдердің тізімі


    1. АҚШ

    13. Литва

    24. Түркия

    35.Үндістан

    2.Австрия Республикасы

    14.Нидерланды

    25. Ресей

    36. Иран

    3.Бельгия-Люксембург одағы

    15. Польша

    26. Армения

    37. Иордания

    4. Болгария

    16. Румыния

    27. Грузия

    38. Қытай

    5. Ұлыбритания

    17. Сербия

    28.Қырғызстан

    39. Корея

    7. Венгрия

    18. Словакия

    29.Әзірбайжан

    40.Малайзия

    8. Германия

    19. Финляндия

    30. Тәжікстан

    41. Катар

    9. Греция

    20. Франция

    31. Өзбекстан

    42. Кувейт

    10. Испания

    21. Чехия

    32. Украина

    43.Монғолия

    11. Италия

    22. Швеция

    33. Египет

    44.Пәкістан

    12. Латвия

    23. Швейцария

    34. Израиль

    45. Вьетнам

    Дерек көзі: Официальный сайт Национального аналитического центра при Правительстве РК. - www.nac.gov.kz
    Қазақстанда инвестициялық қызмет атқаратын шетел компаниялары: "BG Group", "Тотаl Exploration and Production", " Shell", " Arcelor Mittal ", "Telia Sonera Stockholm", "Conoco Phillips", "Deutsche Bank", "Finmeccanica", "Metro Cash & Carry International", "General Electric", "Deloitte", "Exxon Mobil", "Mitsubishi Motors", " Philip Morris International", "TeliaSonera" компаниялары, " Lukoil", "Сбербанк России", "Chevron", "Eni" корпорациялары, "Ernst & Young Global" аудиторлық және консалтингтік компаниясы, "Baker & McKenzie" халықаралық заң фирмасы, Азия даму банкі, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы, "JPMorgan" инвестициялық банкі, Еуропалық қайта құру банкі, HSBC Банк Казахстан, " Royal Dutch Shell" концерні және т.б [4.].

    Халықаралық ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ қайраткерлігінің маңызды құрамы болып табылады, Қор алдында қойылған негізгі мақсаттарға - ұлттық әл-ауқат өсуі және Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасын жаңғырту және әртараптандыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ету жету үшін қажетті.

    «Самұрық-Қазына» АҚ өзінің халықаралық қайраткерлігін ҚР стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі қағидалары ескерілген ҚР 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық жоспары сияқты стратегиялық міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

    Қор және оның еншілес кәсіпорындары Ресей Федерациясы, ТМД елдері, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің жетекші компанияларымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

     «Самұрық-Қазына» АҚ  еншілес кәсіпорындарымен бірге ҚР шетелдермен ынтымастық бойынша екі жақты үкіметаралық комиссия жұмысында белсенді жұмыс атқарады. Шетелдік әріптестермен іскер ынтымақтастықты жылжыту, инвестициялық ынтымақтастық пен трансферт технологияны кеңейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ  қамқорлығымен стратегиялық халықаралық бағыттар бойынша екі жақты Іскерлік Кеңестер құрылады және жұмыс істейді.        

    Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

    Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде Қордың ең негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Екі жақ мұнай-газ, тау-кен саласы, электр қуаты, атом өнеркәсібі және экономиканың басқа салаларында өңдеу, қайта өңдеу және тасымалдау саласында өзара тығыз іс-әрекет жасайды.         

    Ресей жағымен мұнай транзиты, өткізгіш құбырды дамыту, Каспий қайраңын игеру, газ саласын, Каспий маңындағы газ құбырын салу, қолданыстағы газ көлік жүйесін қайта құру және орталық-азиялық табиғи газды тасымалдау үшін жаңа қуаттарды жасау бойынша ірі жобалар жүргізіледі.

    Еуропа елдерімен ынтымақтастық

    Еуропа елдерімен ынтымақтастық «Самұрық-Қазына» АҚ артықшылық бағыттарының бірі болып табылады. Қор экономиканың әр түрлі салаларында ірі еуропалық кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. Қордың құрамына кіретін анағұрлым белсенді  компаниялар, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды және  Испанияның кәсіпорындарымен өзара іс-әрекет жасайды.

    «Қазатомпром» ҰАК АҚ энергетика саласында AREVA француз компаниясымен ынтымақтастықты өрбітуде, онымен бірге жылу бөлетін құрастырмалар өндірісінің жобасы жүзеге асырылуда (ЖБҚ). Сонымен қатар, атом энергиясы Комиссариаты және Францияның қуаттың баламалы көздерімен бірге фотовольттық модульдар жасау жобасы жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ Lahmeyer International GmbH и Fichtner GmbH неміс компанияларымен бірігіп Екібастұз ГРЭС-2 энергоодақтың құрылысы және Шардара ГЭС-нің қайта жаңғырту жобасын іске асырады, Siemens компаниясының қатысуымен тораптық ескі подстанцияларды  қайта құру және жаңа тораптық подстанцияларды салу жүргізіледі, қуат көздерінің қайта басталатын саласында ынтымақтастық дамуда.

    АҚШ-пен ынтымақтастық

    АҚШ - «Самұрық-Қазына» АҚ стратегиялық әріптестерінің бірі. Тараптар мұнайгаз саласында тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ҚР осы сала бойынша аса ірі біріккен жобалар жүзеге асырылуда: Каспий құбыр өткізгіш концорциумы, Солтүстік Каспий жобасы, Қарашығанақ жобасы.  ҚР аумағында мұнай-газ саласының аса ірі біріккен кәсіпорны – Теңізшевроил жұмыс істейді. Қордың негізгі әріптестері Chevron, ExxonMobil, ConocoPhillips, Halliburtonи тәрізді корпорациялар болып табылады.

    Көлік және қатынас саласында «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ  GeneralElectric компаниясымен бірігіп 200-дан астам тепловоз өлшемін жаңғырту жүзеге асырылды, аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне, рельс көрінісі, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктеріне жауап беретін  «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ тепловоз шығару біріккен кәсіпорны құрылды. «Қазақтелеком»  АҚ CiscoSystems компаниясымен бірігіп ҚР ғаламтор мен IP желілерін жаңғыртуды жүргізеді.

    Азия елдерімен ынтымақтастық

    «Самұрық-Қазына» АҚ азиялық аймақтың серпінді дамып келе жатқан елдерімен ынтымақтастығы халықаралық ынтымақтастықтың ең бір келешегі зор бағыты болып табылады. Қор осы аймақтың елдерінің жаңа технологиялары мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін пайдалануға ұмтылады, сонымен қатар бұл аймақты халықаралық экономикалық өзара іс-қимылдың әртараптандыру  мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қор Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа азиялық елдердің ірі компанияларымен тығыз байланыста әрекет жасайды [5.]. 




    1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму».- Астана, 2015.30 қараша

    2. Н.Б. Сыздықбаева Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: экономикалық өсу мәселелері // Ізденіс. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылыми журналы –Алматы, 2012. – №4 (2). – 5–11б.б.

    3. Инвестиционные возможности Казахстана.» Государственный комитет по инвестициям.–Алматы: ТОО «Print-S», 2011– С.74 – 79.

    4. Официальный сайт Национального аналитического центра при Правительстве РК. - www.nac.gov.kz

    5. Шетелдік инвесторлар кеңесі. Электронды ресурс.http://www.akorda.kz/kz/the_administration_of_the_president/presidential_councils/foreign_investors_council


    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық салымдардың маңызы

    Скачать 92.63 Kb.