• Ең үздік Абайтанушы. Сайыстың мақсаты: білімділік
  • Түрі
  • " Белестер жайлы сыр"
  • III. Асыл сөздерінің жалғасын тап.
  • " Абайға тағзым" өлеңін мәнерлеп айтты.
  • V. Бір ән - бір әлем.
  • Ән: "Көзімнің қарасы "
  • Марапаттау

  • Скачать 56.76 Kb.


    Дата16.05.2017
    Размер56.76 Kb.

    Скачать 56.76 Kb.

    Ең үздік Абайтанушы. Сайыстың мақсаты: білімділік



    Теміралы Шынар Есболсынқызы. Қосарал негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.g:\dcim\camera\2013-10-11 18.12.53.jpg

    Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қосарал ауылы.



    Ең үздік Абайтанушы.

    Сайыстың мақсаты: білімділік- Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге,мағынасын аша білуге,мәнерлеп жатқа айтуға,талдауға бейімдеу; дамытушылық - оқушылардың тіл байлығын,ой өрісін,өз ойын айтуға,көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін дамыту; тәрбиелік- оқушыларға эстетикалық,экологиялық тәрбие беру,адамгершілікке,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

    Түрі : сайыс сабақ.

    Көрнекілігі: Абай портреттері, өлең, нақылсөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар,жоспар.

    Сайыстың барысы: Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп,жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары- адамгершілікті,имандылықтың,биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.

    I. Мұны білген жөн.

    1. Абай Құнанбайұлы қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

    2. Абайдың мұражайы қай жерде?

    3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы?

    4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы?

    5.Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырды.

    6. Абайдың қанша өлеңі бар?

    7. Абайдың поэмасын ата.

    8. Абайдың жеті атасын атаңыз.

    9. Абайдың қанша әні бар?

    10. Абайдың неше күйібар?

    11. Құнанбай қайда мешіт салдырды?

    12. Абайдың ең алғашқы аудармасын ата.

    13. Абайдың руы.

    14. Абайдың атақты әншісі.

    15."Медғат-Қасым"поэмасын Абайдың қай баласы жазған?

    16. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?

    17. Абай елбилеу ісіне неше жасынан бастап араласты?



    Мұғалім: Абай өлеңдері- құты қашпас қазына, аудармасы- осының айғағы жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ақын жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған ақын.

    " Белестер жайлы сыр" ( Орындаған: Іңкәр)

    II. Поэзия - жүрек тілі.

    Мұнда оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп айтудан жарысады.



    Мұғалім: Асыл сөзді іздесең,

    Абайды оқы,ерінбе!

    Адамдықты көздесең,

    Жастан тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай- туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.Даналық ойға құрылған, шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық.



    III. Асыл сөздерінің жалғасын тап.

    1. Жұмысы жоқтық,

    Тамағы тоқтық,

    ................................... ( Аздырар адам баласын.)

    2. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті.

    ...................................................... ( Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

    3. Ғылымды іздеп,

    Дүниені көздеп,

    ...................................... ( Екі жаққа үңілдім.)

    4. Қайратсыз ашу - тұл,

    Тұрлаусыз ғашық - тұл,

    ......................................... ( Шәкіртсіз ғалым - тұл.)

    5. Досы жоқпен сырлас,

    .......................................... ( Досы көппен сыйлас.)

    6. Өткірдің жүзі,

    Кестенің бізі,

    ........................................... ( Өрнегін сендей сала алмас.)

    7. Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,

    .............................................................. ( Алды-ойын,артқы жағы мұңға жуық)

    8. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

    ............................................................. ( Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.)

    9. Толғауы тоқсан қызыл тіл,

    .................................................. ( Сөйлеймін десең өзің біл.)

    10.Еңбек етсең ерінбей,

    ................................................. ( Тояды қарның тіленбей.)

    Мұғалім: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға, Абай мүлде қарсы болды. Абай күні бүгінге дейін алдына жан салмаған жүйрік ақын.

    " Абайға тағзым" өлеңін мәнерлеп айтты. ( Сауытбай Мөлдір )

    IV. Өлең өнері.

    Абайдың өлеңдері оқылды.Оқушылар өлеңнің тақырыбын айтып, әрі қарай өлеңді жалғастырып айту керек.

    1. Қайрат пен ақыл жол табар,

    Қашқанға да қуғанға.

    2. Ызалы жүрек, долы қол,

    Улы сия, ащы тіл.

    3. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

    Үннің тәтті оралған мәні оятар.

    4. Қар аппақ, бүркіт - қара, түлкі қызыл,

    Ұқсайды дала сұлу шомылғанға.

    5. Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

    Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

    6. Антұрғанмын өзім де,

    Бір мінезбен өтпеймін.

    7. Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,

    Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

    8. Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай,

    Қол жетпес әр нәрсеге тыртақтаған.



    Мұғалім: Абай атамыз ән де жазған. Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор. Абай қазақ халқының рухани әлемін өзінің терең мағыналы әрі әуендік құрылымы жағынан мүлдем тосын ырғаққа құрылған романстық сипаттағы әндерімен де байытты. Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін жоғары бағалады. Ақын музыка өнеріне аса қатты зейін қойып, оған қатты талап та қоя білген.

    V. Бір ән - бір әлем.

    Мұнда оқушылар Абай атамыздың әндерін орындайды.



    VI. Ділмар.

    Мұнда оқушылар Абай атамыздың өлеңдеріндегі сөздердің мағынасын ашып, қай өлеңде кездесетінін айтады.

    1. Ұшпа. 5. Шапқат.

    2. Ғибрәтлі. 6. Тағылым.

    3. Қансонар. 7.

    4.Хаса. Мұғалім: Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары - қарасөздері. Абай XIX ғасырдың 90 - жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған. Абайдың қарасөздері - көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстары кең орын алған.



    VII. Ой толғаныс.

    Абайдың қарасөздерінің негізгі тақырыптары жазылған. Ол нешінші қарасөзінде жазылған? Оқушылар кестені толтырады.



    Қарасөздерінің тақырыптары

    Нешінші қарасөзінде айтылған ?

    1. Жан азығы мен тән азығы.




    2. Иман - дәстүрлі сенім.




    3. Қайрат, ақыл, жүрек.




    4. Адам естіп,көріп,ұстап,танып,біліп,есті болады.




    5. Өз ісіңе есеп бер.




    6. Оқу- білімнің пайдасы.




    7. Қазақтың шын сөзге ермей,өтірікке сүттей ұйыйтыны несі екен?




    8. Екі қасиетімізді жоғалта бастадық, бірі сөз тыңдау, екіншісі намысқойлық.




    Ән: "Көзімнің қарасы " ( Орындаған: Сая )

    Қорытындылау: "Абай - қазақ поэзиясының асқар биігі." Абай поэзиясы - махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ақынның қай туындысы болмасын, оның алтын арқауы болып адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ақын поэзиясында толық адамның бейнесі тұрады.

    Марапаттау: әділқазылар саралай келе, ұпайларын есептеп,ұпайы көп оқушыға "Ең үздік Абайтанушы"атағын беру.

    Қорытынды: -Балалар, қорыта келе айтарым:біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірмен аяқтаймыз.

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Ең үздік Абайтанушы. Сайыстың мақсаты: білімділік

    Скачать 56.76 Kb.