Скачать 99.94 Kb.


Дата16.05.2017
Размер99.94 Kb.

Скачать 99.94 Kb.

Ерболатова Қ., Жантаева м жетекшісі: Гиззатжанова А



Ерболатова Қ., Жантаева М

Жетекшісі: Гиззатжанова А


Солтүстік Қазақстан облысының туризмінің даму мәселелері және дамыту жолдары.

Түйін:

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі туристік жағдайы оның мәселелері және дамыту жолдары қарастырылған.

Негізігі ұғымдары:

Ішкі туризм, сыртқы туризм, салт атты туризмі, экологиялық туризм, кэмпинг, қонақ үй, туристік аумақ, емдік туризм, туристік қызмет, тарихи – мәдени туризм.

Солтүстік Қазақстан облысы –Қазақтың ұсақ үстүртінің бір бөлігін және Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігін алып жатқан, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан облыс.

Облыс аумағында көптеген көркем жерлер: тау жоталары, сыңсыған ормандар, өсімдік қорықтары, маңызды қарағай тоғайлары, Шалқар көлі және Имантау табиғи аймағы бар. Жүздеген археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштері мемлекет қорғауында. Ең ғажайып археологиялық жерлер: Иман-Борлық, Шағала және Есіл өзендерінің аңғарында орналасқан, мысалы энеолит эрасының кездеспейтін тарихи ескерткіші – «Ботай қонысы», ал темір ғасырының археологиялық ескерткіші - «Ақ Ирий» қалашығы болып табылады. 

Табиғаты әсем, адам руханиятын байытатын, танымын кеңейтетін тарихи қоныстар орын тепкен аумақтар біздің өңірімізде де баршылық. Ішкі және, сонымен бірге, сыртқы туризмді дамыту арқылы өңірімізге ықылас танытатын адамдарды тартып, саланы рухани игілігімізге пайдалана аламыз. Соның арқасында, бұл саланың дамуын оң жолға қоя білсек, қыруар материалдық берекеге кенелуге де болады.

Осыған орай айтар болсақ, өңірімізде айрықша қорғауға алынған он алты табиғи нысан бар. Солардың ішінде елеулілері – Шалқар және Имантау демалыс аймақтары, Согров, Смирнов, Мамлют қорықтары, “Серебряный бор”, “Мальцевский бор” ормандары, Сергеев су қоймасы және көптеген көлдер мен Есіл өзені бар.

“Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені”, “Сырымбет” мұражай-қонысы, “Абылай хан кесенесі” туристердің ықыласы мен назарын айрықша аударады.“Ботай” және “Ақиірім” тарихи қоныстары маңызы аса зор мәдени-тарихи ескерткіштер ретінде үлкен ғылыми мәнге ие.



Сурет 1- Абылай хан кесенесі

Облыста 600 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Солардың 437-сі – археология, 163-і қала құрылысы және сәулет өнері ескерткіштері болып табылады. Біздегі 11 мемлекеттік мұражай облыс тұрғындары мен меймандарына өңір тарихы мен тыныс-тірлігі туралы мол мағлұмат береді.

Астрофизикалық обсерваторияның, “Аквапарк” ойын-сауық кешенінің салынуы, “Ботаникалық бақтың” қайтадан қалпына келтірілуі, Пестрое көлі жағалауының көркейтілуі, Абакшино, Есіл өзені сағасындағы “Сосновый бор”, “Серебряный бор” демалыс аймақтары, Шалқар, Имантау көлдерінің бойындағы туризм нысандарының қайтадан қалпына келтірілуі туризм саласында көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтті.

Бүгінгі таңда облысымызда ішкі туризмді дамыту мақсатында 30 бағыт құрылды. Соның ішінде “Прогресс”, “Евразия” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері туристік фирмалар ретінде облыс аумағында 18 бағыт бойынша азаматтарға қызмет көрсетеді. Ал “Көкшетау” ұлттық табиғи саябағы Имантау және Шалқар аймақтары бойынша бағыттарда қызмет етеді.

Туристік ұйымдар “Қазақ әдебиетінің алтын шеңбері” атты жаңа жоба ашу жұмыстарын жүргізіп, бір кездері біздің өңірімізде ғұмыр кешкен әйгілі ақын-жазушылардың өмірімен және шығармашылығымен таныстыратын туристік бағыттарды ашу жолында.

2014 жылғы мәліметтер бойынша Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуетінің төмендегідей көрсеткіштері көрсетілген.












Сурет 2- Аймақтың туристік көрсеткіштері


Облыстың туризм саласындағы халық кәсіпшілігі бұйымдары мен инвестициялық жобалары Алматы қаласында жыл сайын өткізіліп тұратын КІТҒ “Туризм және саяхат” халықаралық туристік көрмесінде көрсетіледі.

Туристік-экскурсиялық шараларды оқу орындарының тәрбие беру жұмыстарының бағдарламаларына енгізуі арқылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жүзеге асырылып келеді. Петропавл қаласының туристік фирмалары туристік бағыттар айлығының аясында “Туған өлкенің экологиясы”, “Таза бұлақ”, “Туған өлке тарихы” аталатын туристік-экологиялық, өлкетану шараларын ұйымдастырды.

“Астана – менің Отанымның елордасы” аталатын әлеуметтік жобаның аясында Петропавл-Астана туристік бағытын дамыту үшін оқушылардың, студенттердің демалыс күндеріндегі саяхаттарын ұйымдастыру жыл-сайынғы дәстүрге айналды. Осыған дейінгі кезеңде аталған жобаға 75 оқушы қатыстырылды.

Туристік орталықта велосипедпен және жаяу саяхат, танымдық, өлкетану және экологиялық туризм, тауға өрлеу, тағы басқа он үш үйірме жұмыс істейді. Орталықтың нұсқаушы-әдістемешілері 96 жалпы білім беретін мектептерде 1565 баланы қамтитын үйірмелерде семинар сабақтарын өткізеді. Қолайсыз отбасыларының жеткіншектері демалатын сауықтыру лагері жұмыс істейді. Туристік орталық Бескөл ауылындағы атшабарда салт жүруге үйретіп, салт атты саяхаттарды ұйымдастырады.

“Көкшетау” табиғи саябағының Шалқар және Айыртау өңірлік бөлімшелері орналасқан Айыртау ауданы облыстың табиғи, тарихи және археологиялық туристік бағыттары мол өңірі болып табылады. “Көкшетау” табиғи саябағы табиғат қорғау және ғылыми маңызы бар мекеме мәртебесін иеленіп, 182076 гектар алаңды алып жатқан республикалық маңыздағы айрықша қорғалатын аумаққа жатады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қарайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі №415 “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құру туралы” қаулысына сәйкес саябақтағы жердің тұрақты пайдаланылуы үшін жалпы алаңы 52561 гектар алқабы Айыртау ауданының жер пайдаланушыларына берілді.

Аудандық әкімдік осы аумақта туризмді жүйелі дамыту жоспарының жобасын жасады. Соған орай туризм нысандарының туристерді қабылдау дайындығы тексерілді.

Аталған “Көкшетау” саябағының аумағында “Имантау” демалыс базасы, “Тұрпан”, “Сабина”, “Ардагер”, “Арман” кемпингтері, “Аққайың” демалыс базасының бір бөлігі, жергілікті ауылдар тұрғындары қауымдастығының қонақүйлері, “Боровушка” демалыс базасының шатырлар қалашығы орналасқан.

Өткен жылы туристік бизнестен түскен өз қаржысының есебінен “Солнечный ВИП” сауықтыру кешені, “Орлиная гора” аңшылық үйінің мейманханасы салынды.

Жергілікті қауымдастықтарды экологиялық туризмді дамыту үдерісіне тарту мақсатымен Айыртау ауданының қорғауға алынған аумақтарында, Айыртау және Имантау ауылдарында туристерді қабылдайтын 7 ауылдық қонақүй ашылған. Бұл жерлерде экологиялық бағыттар бойынша саяхаттар ұйымдастырылып, аталған ауылдық қонақ-үйлерді стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, экологиялық соқпақтар жасалған. Бұдан бұрындары Көкшетаудағы “Экос” туристік фирмасына қарайтын “Тамды” фермерлік шаруашылығының негізінде этносаяхаттар ұйымдастырылған. Бұл саяхаттарға шыққандар салт атпен серуендеп, шұбат ішіп, сергиді.

Үстіміздегі жылғы 21 маусым күні туристік маусым ашылып, осы шараның аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, облыс әкімдігінің, Қазақстан туристік қауымдастығының, біздің басқарманың және туристік бизнестің өкілдері қатысқан кеңес өтті, ол өңірімізде ішкі және сыртқы туризмді дамытудың жайын қарастырды.

Туристік маусымның ашылуына байланысты Айыртау ауданындағы “Ақбар” демалыс аймағында 30 адамға арналған жаңа жатын корпус, “Солнечный ВИП” туристік аймағында күніне 45 адамды қабылдайтын бұғы мүйізімен емдеу қосыны пайдалануға берілді.

Басқарма биылғы шілде айында Алматыда өткен КІТҒ – 2014 халықаралық конкурсқа қатысуы қорытындылары бойынша Айыртау ауданы туралы фильм түсірді. Ол “Беймәлім Қазақстан” атты көрсетілімдер шоғырына енгізіледі. Сол сияқты, өңіріміздің туристік әлеуеті туралы баяндалатын материалдар жасалуда.

Саланы жүйелі дамыту мақсатында мемлекеттік сатып алулар арқылы шеберлік-жоспар жасауға конкурс жарияланды. Бұл шаралар өңірімізде осынау пайдалы саланы одан әрі дамыта түсетінін атап айтуымыз керек.

Солтүстік Қазақстан облысының туристік потенциалын бағалауын анықтайтын:

SWOT-талдау




Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • туризмнің дамуы үшін табиғи байлығының болуы;

  • туристік объектілер бағыттарының болуы;

  • флора және фаунаның байлығы, тарихи және мәдени мұралардың болуы;

  • Қазақстандағы туризмді дамытуды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының іске асуы.




  • туристік бизнестің дамуы үшін аймақтық туристік мүмкүндікті дұрыс пайдалану;

  • сапалы қонақ үйлерінің жоқтығы, барлық қонақ үйлердің 80% ескірген, 60-шы жылдары салынғандықтан кейбір қонақ үйлер банкротқа ұшырауы мүмкін.




Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • туристік бизнес жобаларының дамуы дүниежүзілік стандартқа сәйкестігі;

  • туристік фирманың жұмысы мен туристік қызмет көрсету көлемінің көбеюі және туристік фирманың дамуы тек жеке инвестиция арқылы жүзеге асырылуда;

  • шетелдік туристтердің көбеюі, салық мөлшерінің бюджетке көптеп түсуі;

  • жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сол арқылы жұмыссыздықты азайту;

  • туристік бағыттар арқылы инфрақұрылымның дамуы.




  • облыстағы туризм саласындағы инвестицияның жоқтығы;

  • туризмнің өңірлік экологиясына кері әсері;

  • сыртқы туризмнің дамуы бюджетке кері әсерін тигізбек;




Солтүстік Қазақстан өңірі бойынша туризм саласының дамуындағы жалпы мәселелер:



  • туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы (көлік жолдарының нашарлығы, олардың экскурсиялық объектілерге және суретті ландшафты жерлерге жетуге қиындық тудыруы, сондықтан өңірдің көптеген объектілері ішкі, көпкүндік жаппай туризмге қол жетімсіз);

  • қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларды, сондай-ақ, санаторлық-курорттық мекемелерді қосқанда орналастыру объектілерінің материалдық базасы дамуы жеткіліксіздігімен, жоғары құнымен, туристік объектілерде туристік өнімнің және туристік қызметтердің төмен сапасымен сипатталады;

  • туризмнің қызмет көрсету саласында кадрлардың жетіспеуіне байланысты туристердің демалу орындарында сервис деңгейі төмен;

  • туризм саласындағы қызмет көрсету секторында білікті мамандардың жетіспеушілігі (мемлекеттік тіл білетін экскурсовод, гид, инструкторлардың жоқтығы);

  • жол маңындағы инфрақұрылым объектілердің сервис санының жеткіліксіздігі және сапасының төмендігі.

Бірақ, мұнда ең өзекті және қарастырылатын мәселердің бірі аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде туризм саласының дамуында бірқатар проблемаладың туындауы. Оларды айтатын болсақ:

  • жол маңындағы инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

  • туристік инфрақұрылымның айтарлықтай қаржылық салымдарды және толық реконструкциялауды талап етеді.

Өйткені санаторлық мекемелерді қосқанда, қонақүйлер, пансионаттар, демалыс үйлері мен базалары сияқты орналастыру орындарының материалдық базасы, моральдық тозуды қоспағанда, заттай тозудың жоғары дәрежесіне ие. Көбіне он жылдап нақты күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жылумен жабдықталмаған, осыған байланысты демалыс аймағындағы орналасу объектілерінің көбі жаз мезгілінде пайдаланылады. Қонақүйлердің көбі барлық әлемде қабылданған санаттарға сәйкес келмейді;

  • сервис пен қызмет көрсету деңгейі жеткіліксіз, сонымен қатар туристердің демалу орындарында бағалар жоғары;

  • туристік саланы жеткіліксіз қаржыландыру.

Ұсыныс:

  • Облыстың туристік әлеуеті туралы жарнама-ақпарат материалдарды дайындау, оларды республикалық, өңірлік және халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде тарату. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік және туризм басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының туристік интернет-порталын жасау жұмыстарымен айналысу;

  • Есіл, Қызылжар, Мамлют және Шал ақын аудандарының да туризмді дамыту мүмкіндіктері бар. Сондықтан да бұл аумақтарда демалыс базаларын қалпына келтіру, жаңадан салуды жоспарлау. Бұл құрылыстарға қонақүйлер, коттедждер, дәмханалар, демалыс алаңдары кіреді.

  • 2016 жылғы 16 маусымда тіркеуден өткен облыстық туристік қауымдастық үлес қоса отырып бұғы мүйізімен емдеу орталықтарын және бұғы фермасын ашу.

  • Облыстан қаржы бөлу арқылы тәжірбие жинау мақсатында туристік сала бойынша жұмыс істейтін кадрларды шет елге үш ай көлемінде оқуға жіберу. Дайындалған кадрларды облыс бойынша туристік салаға негізделген жұмыс қамту шараларын жүргізу.

Қорытындылай келе, Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуеті орташа болып келеді. Облыс көптеген туризм ошақтарына, түрлеріне бай. Әсіресе бұл аумақта емдік туризм және тарихи-мәдени туризм жақсы дамыған. Солтүстік Қазақстан туристік әлеуетін жоғары көтеру мақсатында, ол тек елдің экономикасын көтеріп қана қоймай, қоғамның яғни, халық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ярмухамедов, Мухтамид Шамухамедович. География экономических районов Казахстана: пособие для естеств.- геогр. фак. пед. ин- тов / М. Ш. Ярмухамедов.- Алма- Ата: Мектеп

  2. Страны и народы. Республики Закавказья. Республики Средней Азии. Казахстан. 

  3. Gulliway.org


Аннотация

В данной статье рассмотрены проблемы и пути развитие туризма в Северно-Казахстанской области.

Annotation

This article describes the problems and the development of tourism in the North-Kazakhstan region.


Коьрта
Контакты

    Главная страница


Ерболатова Қ., Жантаева м жетекшісі: Гиззатжанова А

Скачать 99.94 Kb.