Сабақ: №23 мектеп: «№7 орта мектеп» мкм күні: 08. 12. 2015 Мұғалімнің есімі: Султанбекова Ш. С
- Навигация по данной странице:
- САБАҚ: №23 МЕКТЕП: «
- СЫНЫП: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
- Сабақтың тақырыбы
- Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
- Оқушылардың басым бөлігі
- Тілдік мақсат Оқушылар
- Негізгі сөздер мен тіркестер
- Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
- Талқылауға арналған тармақтар
- Жазылым бойынша ұсыныстар
- Алдыңғы оқу Білу
- Жоспар Жоспарланған уақыт
- Ұйымдастыру: 3минут
- Түсіну
- 1.Қасиеті 2. Ерекшелігі 3. Өмірге қажеттілігі 4.Бүгінгі таңда маңыздылығы 5.Абай шығармаларындағы өлең жолы
- 4-тапсырма Тест орындау Оқушылар топтаманы толтырып тексереді Кесте толтырады
- Порталдан тест орындайды Табыс критерийі https://e.edu.kz
- Еркін жазу стратегиясы: 5 минут.
- 2-тапсырма.Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.
- І топ «Абай өмірі,шыққан тегі,ортасы,достары»
- ІІ топ «Абай шығармашылығы»
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]()
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу: Өмірбаяндық: 1 - сөз. Халықтарды салыстыру: 2 - сөз. Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз. Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз. Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз. Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер. Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз. Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер. Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45. Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз. Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз. Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз. «Ой қозғау» сәті: Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.
Сонда толық боласын елден ерек. 2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба. 3.Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. 4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Асау жүрек аяғын шалыс басқан, Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? 5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 6.Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса.
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық? 9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Қашқанға да қуғанға.
« Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста , Сонда толық боласың елден ерек»
« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» « Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»
І топ – « қайрат» ІІ топ – « ақыл» ІІІ топ – « жүрек» ІУ топ – адамға тиетін кеселдерді топтастырады.
« Мен» моделіне өзіне керектісін керектісін жаздырту . ( Дәптер- мен жұмыс ) Қорытынды Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ? « Қарасөз» моделі бойынша сабақты қорытындалау . 17- қарасөздің мәселесі – адамдыққа үйрету ; түрі – айтыс , талас түрінде ; мақсаты – өсиет , ғибрат қалдыру . Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген . ( Қосымшада сабақтың презентациясы, топтар бойынша үлестірілетін сызбалар берілген ) Қосымша -1 Топтар бойынша таратылатын сызбалар І топ « Қайрат» тобы ( Қайрат қасиеттерін топтастыру ) ІІ топ «Ақыл» тобы (Ақыл қасиеттерін топтастыру ) ІІІ топ « Жүрек» тобы ( Жүрек қасиеттерін топтастыру ) ІУ топ «Ғылым» тобы ( адамға тиетін кеселдерді топтастыру )
Он жетінші қарасөз Тақырыбы: Идеясы: Жанры: Лексикалық сөз қолданысы: Тартыс: Шешім:
Ғибрат: Он жетінші қарасөз Тақырыбы: Идеясы: Жанры:
Лексикалық сөз қолданысы: Тартыс: Шешім: Ғибрат: Сәйкестендіріңіз.
Сатылай талда Он жетінші қарасөз Тақырыбы: Идеясы: Жанры: Лексикалық сөз қолданысы: Тартыс: Шешім:
Ғибрат: Үлестірмелі топтамалар
Тест
1-тапсырма.Дұрыс жауабын таңдаңыз. Шығыс әдебиетіндегі белгілі сюжетті жарыса жырлау дәстүрі – А) Назирагөйлік Ә) Мәснауи Б)Ғазләл В)Қасида
2-тапсырма.Дұрыс, бұрысын белгілеңіз. Абай мектебінің өнерлі жастары, Абай шәкірттері: √
3-тапсырма.Дұрыс жауабын белгілеңіз. Абай Семейде ............ медресесінде оқыған. А) Ахмет Риза Ә) Ақшемседдин Б)Ғалия
A) «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» B) «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесі» C) «Сібір қазақтарының Ережесі» D) «Жеті жарғы» 5.Абай Құнанбайұлының поэмалары –
6.Философиялық трактаттар стилінде жазылған Абай шығармасы – A) Ғақлия (қарасөздер) B) «Сенатқа хат» C) «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» D) «Теректің сыйы», «Шайтан» 7.Абайдың азан шақырып қойған есімі – A) Ибраһим B) Абай C) Абылай D) Ыбырай 8.Абайдың өлеңдерін тақырыпқа реттеп, кітапқа суреті мен түсініктеме жазып, тұңғыш баспаға даярлап шығартқан – A) І.Жансүгіров B) К.Ысқақұлы C) Н.Төреқұлов D) М.Әуезов 9.Абайтанудың негізін қалаған ғалымдар – A) М.Әуезов, Қ.Мұқаметханов, М.Мырзахметов B) С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, С.Бегалин C) Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, С.Қирабаев D) Б.Кенжебаев, Б.Ыбырайым, Т.Кәкішев 10. «Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы – A) М.Дулатов B) А.Байтұрсынов C) Н.Төреқұлов D) Б.Күлеев 11. Абай өз өлеңдерін алғаш қай ақынның атымен таратқанын көрсетіңіз. A) Байкөкшенің B) Барластың C) Кемпірбайдың D) Көкбайдың 12.1876-1878 жылдары Абай Құнанбайұлы болыс болған ел – A) Қоңыр Көкше B) Көкпекті C) Құсмұрын 13.Абай жақын араласқан орыс демократтары – A) Г.Н.Потанин, С.Ф.Дуров B) В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Ф.М.Достоевский C) Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев D) В.В.Григоьев, В.П.Василев
І топ «Зерттеушілер» тобы Постерге қорғау материалдары І топ «Абай өмірі,шыққан тегі,ортасы,достары» Абай өмір сүрген кезең Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы – бай, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан. Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері. Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған, он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген оймен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді. Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді. Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
ІІ топ «Сарапшылар» тобы Постерге қорғау материалдары ІІ топ «Абай шығармашылығы»60 – жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болды. Сөйтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков – Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышовский, Добролюбов сияқты революцияшыл – демократтардың еңбектерін оқиды. 1882 жылы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Борадино» өлеңдері көркем туындылар. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазады. «Қалың елім,қазағым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». /1887ж/ «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» /1888ж/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /1889ж/ Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – «табиғат лирикасы». Табиғат – адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Абайдың табиғат лирикасын суреттейтін тұңғыш өлеңі «Жаз» /1886ж/, «Қыс» /1888ж/ «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір – екі ай» /1889ж/ «Жазғытұры» /1890ж/ өлеңдері. Абай аудармалары: А.С.Пушкиннен «Татьянаның қырдағы әні». Абай Лермонтовтан 27 шығарма аударды. Абай Крыловтан мысал өлеңдер аударды. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Өлсем орным қара жер», «Құлақтан кіріп бойды алар». Абай — өзі ән шығарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. с.с. «Қараңғ түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып тараған. Абай поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың 45 қара сөзі бар. Абай туралы көрнекіліктерімен таныстырып өтейін. ІІІ топ «Ізденушілер» тобы Постерге қорғау материалдары А) Абай кім? Ә) Абай туралы даналық ой пікірлер 1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». А.Байтұрсынов 2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» М.Әуезов 3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». Н.Ә.Назарбаев 4. «Өз Отанының сом алтыны» Ә.Бөкейханов 5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» М.Дулатов 6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» М.Жұмабаев 7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз –дара шыққан тау ағашы сияқты» Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы. Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Сергіту сәті «Тапқыр болсаң, шешіп көр» Абайдың жұмбақтары: Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім шығары белгісіз түбінде ақыр. Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық) Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әртүрлі кен, Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: (темір) Сыналар, ей, жігіттер келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерін, Жан құмары дүниеде немене екен? Соны білсең, әрнені білгендерің. Шешуі: (білмекке құмарлық) «Толықтыру» сынамасы 1. Абай Құнанбайұлы......... жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – ........., ..........., ............., ............, .........., ................... шығармаларын өз бетімен оқиды. 3. Абай 1885 жылы алғаш білім туралы «Жасымда ........... бар деп ескермедім» өлеңін жазды. 4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен ........... ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды. 5. Абайдың ............ қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма. 6. Абайдың «............ қарасы», «Желсіз түнде .......... ай», «Айттым сәлем, .................. », «Бой .......... » т. б. әндері бар. 7. Әлихан ......................Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды. 8. Алғаш өлеңді ........ жасында жазған. 9. Алғаш ауыл молдасы ......................... білім алды 10. Өз атымен ............ ж. «Жаз» өлеңін алғаш жариялаған. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті «№7 орта мектеп» МКМ Ашық сабақ Тақырыбы / Облыстық семинар/ Пән мұғалімі Султанбекова Шынар Серікқазықызы 2015-2016 оқу жылы |