• Көрнекіліктер
  • Әдісі
  • Кіріспе
  • Адамдар-ай" өлеңі оқылады.
  • Мына видео трекке назар аударыңыздар.(Тәубеңе кел!)
  • ІІ видеороликке назар аударайық
  • "Ғылым таппай мақтанба"

  • Скачать 50.85 Kb.


    Дата06.06.2017
    Размер50.85 Kb.
    ТипСабақ

    Скачать 50.85 Kb.

    Сабақтың тақырыбы: Адам ардақты ат. Мақсаты



    Ашықбаева Жадыра Шуиншалина, №16 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

    Күні: 18.11.14

    Сабақтың тақырыбы: Адам - ардақты ат.
    Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
    Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері, видеороликтер, стақан,т.б.

    Нақыл сөздер:

    1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

    Абай

    2. Тәрбиесіз адам - адамгершілік жағынан надан, дүмше.

    В.А.Сухомлинский

    3. Адамдықтан үлкен ат жоқ,



    Наннан үлкен ас жоқ.
    халық даналығы

    Әдісі: Иллюстрация, демонстрация, пікірталас, сұрақ-жауап.
    Тәрбие сағатының барысы:
    I-кезең: Ұйымдастыру (Тәрбие сағатымен таныстыру)

    II-кезең:Кіріспе (Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі)

    III-кезең: Негізгі бөлім (Адамгершілік еліне саяхат)

    IV-кезең:Қорытынды (арнау)


    Сабақ барысы:
    Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысымын тексеру. (кел, балалар, оқылық)

    Баяу күй ойналады, әуенмен "Адамдар-ай" өлеңі оқылады.

    Кіріспе.

    - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адам - ардақты ат». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.


    - Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.
    Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат - адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
    Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресіп жүріп жатады.

    Адамның ішінде болмайды аласы,
    Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
    Шәкәрім.
    Негізгі бөлім.

    - Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.


    Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды нағыз адам болып қалмақ. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

    Мына видео трекке назар аударыңыздар.(Тәубеңе кел!)


    Мұғалім:


    - Осы көріністен қандай ой түюге болады?

    Оқушы:


    - Адам барлық қиыншылықтарда адам қалпында қалу керек.

    - Адам өмірде барлық жағдайға шүкіршілік етіп, қанағат қылу керек.

    Мұғалім:

    - Не байқадыңыздар?

    Оқушы:

    - Өмірде жанашыр адамдардың барын білдік.



    - Аяқ-қолы жоқ болса да адамда өмірге деген талпыныс барын білдік.
    М: Адамды өмірде сынақтан не өткізеді?

    О: Соғыс, жоқшылық, ауру, келеңсіз жағдайлар,

    М:Тағдырдың жазмышына бар ма шара дегенмен, адамды екі нәрсе сынайды екен, ол - баршылық пен таршылық.
    Таршылық көрдім деме - адамдығың тұрғанда,

    Баршылық деп шалқайма -надандығың тұрғанда.



    ІІ видеороликке назар аударайық:

    Адам қандай жағдай болмасын АДАМ болып қалуы керек. осы көрініске орай туындаған ой-пікірімізді ортаға салайық:

    - Таршылық көрсе де шыдап-бағып, адамдықтан айрылмасын.

    - Үлкен әріпті Адам деген атқа лайық болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.

    Мұғалім:


    - Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
    Жауап: қара ноқат.
    Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.
    - Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіздер. Былайша айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере ғой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, адам деген үлкен атқа ие болу үшін үлкен тер төгу қажет.
    эксперимент жасату

    " Күн, адам, түн " деп жазылған үш стақанның" күн,түн" дегеніне су құйылады. ортасында "адам" деген жазуы бар стақан - бос. Түн жағына қара түстес бояу тамызамыз, күн жағына ақшыл түсті тамызамыз. Түн жағы - адамның жағымсыз қасиеттері. Күн жағы - жақсы қасиеттері. Бос стақанға екеуін араластырамыз. беймәлім бір түс шығады. Яғни адамда жағымсыз да, жақсы да қасиеттері болады. Ал біз тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуымыз керек. сонда ғана адам деген ардақты атқа ие боламыз.


    "Ғылым таппай мақтанба" (үзінді оқу)

    Бес нәрседен қашық бол,
    Бес нәрсеге асық бол,



    Адам болам десеңіз.
    Тілеуің, өмірің алдыңда,
    Оған қайғы жесеңіз.
    Өсек, өтірік, мақтаншақ,
    Еріншек, бекер мал шашпақ –
    Бес дұшпаның, білсеңіз.

    Талап, еңбек, терең ой,


    Қанағат, рақым, ойлап қой –
    Бес асыл іс, көнсеңіз.

    Сергіту сәті "ӘРІПТЕР СЫРЫ"

    "АВТОБУСТА ҮЛКЕН ӘЖЕЙГЕ ОРЫН ҰСЫНБАҒАН ОҚУШЫ" жағдаяты


    жақсылықты құшағына алу-эксперименті
    Қымбатты, балалар, қазір барлықтарыңыз жақсы бір сезім әсеріне берілесіздер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңыздар. Бойларыңызға бүгіннен ,бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңыздың басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңіздер, жүрекке келді. Жүректеріңізге жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңыздар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық!

    - Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!

    - Адамгершілік жүрегіңізге ұяласын.

    - Адамдықтың белгісін барлық жұртың білсінші!

    - "Адам" деген ардақты атқа ие бол!

    Ықыластарыңа рахмет.



    Осымен тәрбие сағатым аяқталды.

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Сабақтың тақырыбы: Адам ардақты ат. Мақсаты

    Скачать 50.85 Kb.