• Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.
  • Сабын дайындаудың халықтық технологиясы.
  • Албота күлінің құрамындағы макроэлементтерге аналитикалық талдау жасау.
  • Алабота күлінің ерітіндісіндегі тұздардың ионын анықтау
  • Сақардың құрамын анықтау
  • Сабын алудың реакция теңдеуі
  • Қара сабының емдік қасиеті
  • Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы

  • Скачать 83.53 Kb.


    Дата03.07.2017
    Размер83.53 Kb.

    Скачать 83.53 Kb.

    Сабын дайындаудыњ ¦лттыќ технологиясы



    САБЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

    Хайрымхан Маулен, Кендебай Серікбол, Кокишева Алия Елемесовна

    8 сынып оқушылары, химия пән мұғалімі


    Жобаның мақсаты: Ұлттық тұрмыстық дәстүрінің тарихын, ұлттық мәдениетінің, кәсіпшіліктің шығуымен, әр түрлі заттарды технологиялық процестермен әдіс тәсілдермен машықтандыра отырып өнімдер өндірудегі әдістерін көрсетуде сабын алудың ұлттық әдіс тәсілдерімен химиялық жолмен жасап тәжіриебе жүзінде іске асыру ұлттық технологиямен алынған қара сабынның ерекшеліктерін табу.

    Күтілетін нәтиже:


    • Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің бағалы қасиеттерін оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орның анықтап, табиғатты аялай білудің маңызын түсіну.

    • Алаботаның тек арамшөп ретінде ғана емес, оның адам өміріндегі маңызды қасиеттерін жан-жақты түсініп, биология, химия, экология пәндерінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру.

    • Зертханалық жұмыс барысында түрлі химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып, есептеу тәсілдерін және хиимялық заңдылықтарды, көптеген ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

    • Қазақ халқының тұрмысындағы химияның маңызын зерттеу арқылы химия пәніне қызығушылық дамытып, қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне талдау жасауға үйрету.

    • Алған білімді күнделікті тұрмыста, өмір тәжіриебесінде пайдалана білу.

    Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты қос-жарнақтылар класының алабота тұқымдасын арамшөп ретінде зиянынан гөрі, халық тұрмысындағы маңызын анықтаудан бастадым.

    «Өсімдіктану», «Дәрілік өсімдіктер», энциклопедия және басқа да ғылыми көпшілік әдебиеттермен, газет-журналдармен жұмыс істей отырып, алабота тұқымдасының сыртқы құрылысымен таныстым.



    Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.

    Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.

    Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.



    Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.
    Алаботаның құрамындағы биохимиялық қосылыстар мен макроэлементтерді анықтау үшін Қазақ ССР – нің қысқаша энциклопедиясының ІІ томын (73-74 беттері) пайдаландым. Г.П.Яковлев пен В.А Челомбитьконың 1990 жылғы Мәскеудің «Жоғары мектеп» баспасынан шыққан «Ботаника» оқулығы көмегімен төмендегі кестені құрастырдым.


    Құрамындағы биохимиялық қосылыстар мен макроэлементтер

    Мөлшері пайыз (%) есебімен

    Кальций (Са)

    Фосфор (Р)

    Протеин (жай белок)

    Ақ клетчатка (целлюлоза)

    Күл

    Эфир майы



    Органикалық қышқылдар

    (қымыздық қышқылы ,

    амин қышқылы)

    Сапонин


    Шайыр

    Алколоидтар (хинин)



    18 %

    18 %


    12 %

    17,8 %


    21 %

    Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында алаботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін анықтадым. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.

    1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады. Аудандық аурухананың дәрігері, фитотерапевт Наурызбаева Ақзейнеп алаботаның асқазан, шек, өт жолдары қызметінің бұзылуына, үлкен дәретті дұрыс жүргізуге пайдалы емдік қасиеттерін айтып берді. Оның «Денсаулық» журналының және Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтады.

    Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.

    Үлкен дәреттің дұрыс жүрмеуінің басты себебі - өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы. Асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалған да балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стакан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, бір стаканнан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.

    Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.

    Алаботаның қайнатпаларынан ағзаның ішкі және сыртқы бөліктерін емдеуге болатыны бауыр мен өт жолының қызметін реттейтіні және қайнатпаларының ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екені туралы қорытынды жасадым.

    Бұрыңғы кезде, әсіресе, соғыс уақытында халқымыз алаботаны нан пісіргенде пайдаланған. Пісіп жетілген жемісін сүтке араластырып, дәмді, жұғымды ботқа дайындаған. Ерте кезде рауғашты қосып, көже және жұмыртқамен қосып қуырып, өте дәмді ас дайындаған.


    Сабын дайындаудың халықтық технологиясы.

    Тамыз айында бау-бақшадан 50 кг алабота жинадым. Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептірдім. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырдым.Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алдым. Күлдің құрамында макроэлементтердің бар екенін екі түрлі тәжіриебемен анықтадым.





    1 – тәжіриебе. Албота күлінің құрамындағы макроэлементтерге

    аналитикалық талдау жасау.


    Жұмыстың жоспары

    Реакция теңдеуі

    Қорытынды

    Күлдегі калий К + ионын анықтау

    Күлдегі натрий Na + ионын анықтау



    Күл + жалын

    Күл + жалын




    Калий жалынды күлгін түске бояйды (басқа иондардың қатысында әлсіз көрінеді).

    Натрий жалынды сары түске бояйды.





    2 – тәжіриебе. Алабота күлінің ерітіндісіндегі тұздардың ионын анықтау


    Жұмыстың жоспары

    Реакция теңдеуі

    Қорытынды

    Хлор ионын СІ күміс

    Ag + ионымен анықтау


    Карбонат ионын СО2- анықтау
    Алабота күлінің ерітіндісі қандай орта көрсететінің дәлелдеу

    СО32- ионын Ag + ионымен анықтау



    NaCI + AgNO3 = NaNO3 + AgCI ↓

    KCI + AgNO3 = KNO3 + AgCI ↓


    K2CO3 + 2HCI = 2 KCI + H2O + CO2

    Na2CO3 + 2HCI = 2NaCI + H2O + CO2

    Ерітінді + фенолфталейн

    K2CO3 + 2AgNO3 = 2KNO3 + Ag2CO3

    Na2CO3 + 2Ag NO3 = 2NaNO3 + Ag2 CO3



    Ақ тұнба ірімшік пайда болды.
    CO2 газ бөлінгені анықталды
    Күлдің мөлдір ерітіндісі қызғылт түске боялды (сілті орта екені дәлелденді)
    Ақ тұнба пайда болды

    Осы тәжіриебелерге сүйене отырып, алабота күлінің құрамында калий және натрий ионының бар екені анықталды.

    Күлдің құрамын анықтаған соң халықтық тәсіл бойынша сақар алуды қолға алдық . Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнаттық . Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырдық.

    Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп тастадық. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң маймен майладық. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су алғанша қайнаттық. Су қоймалжыңдана бастағанда отты баяулатып, ерітіндіні араластырдық. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналды. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ-сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың 9-11 сықпасын жұтқызып, емдеуге болады. Сақарды қазаннан салып алып, құрамында К2СО3 – тің бар екені төмендегі тәжіриебемен анықтадым.



    Сақардың құрамын анықтау


    Жұмыстың жоспары

    Реакция теңдеуі

    Қорытынды

    Cl- ионын Ag+ ионымен анықтау

    Br- ионын Ag+ ионымен анықтау

    CO32- ионын анықтау


    KCl+AgNO3=KNO3+AgCl
    KBr+AgNO3=KNO3+AgBr
    K2CO3+2HCl=2KCl+H2O+CO2

    Тұнба түзілді
    Сары тұнба түзілді
    Газ бөлінді


    Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып,900г тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнаттық (от көп жағылса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылады. Нәтижесінде 750г қара сабын алынды.



    Сабын алудың реакция теңдеуі

    K2CO3+HOH=2KOH+H2CO3


    CH2 - COO – R1 CH2 - OH

    │ │


    CH - COO – R2 +3KOH CH - OH + 3R -COOK

    │ │ сабын

    CH2 - COO – R3 CH2 - OH

    май глицерин


    Қара сабының емдік қасиеті

    Қара сабынның емдік қасиетімен танысуда «Денсаулық» журналының 1992 жылғы № 5-6 санында жарық көрген Өтепберген Ақылбековтың «Сабын» атты мақаласы көмектесті.



    Қара сабын қотыр, басқа да жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді: тәнді жұмсартады, суық тигенде сылаумай ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады, Ертеректе адам уланғанда құстырып, ішін тазартуға пайдаланған. Сонау сақ-ғұн заманынан бері ата-бабамыз тұрмыста химияны пайдаланған. Қолдан жасалған қара сабын экологиялық тұрғыдан таза, кәдімгі сабыннан кем емес. Сонымен қатар қолдан жасалған қара сабын кірді жақсы кетіріп, қолды техногендік аурулардан сақтайды.



    Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы

    • Біріншіден қолдан жасалынған сабын сізге арзанға түседі, ақшасыздық жайлап жатқан бұл уақытта осы жаңалық сізге майдай жағатыны сөзсіз.

    • Екіншіден сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері ауруларын туғызбайды, яғни ол сіздің қазіргі таңда қымбатқа алып, оған қоса түрлі тері ауруларын туғызатын ұнтақ пен иіс сабыныңыздан 100 есе асып түседі

    • Үшіншіден оның емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек болмақ, себебі ол жұмсақ және антицептик рөлін атқарады.Шын еңбектенсеңіз қара сабынның қол жуғаннан кейін жағымды иісі шығады.

    • Төртіншіден, әрине бұл сабынды сіз сатып алмай оны қолдан жасайсыз сізден шығатын шығын тек шыдамдылық пен еңбек сүйгіштік . Егер бұл қасиеттер сізде бар болса онда қауіпсіз және пайдалы сабынның алақаныңызда жатуы әбден мүмкін.



    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:


    1. Қазақ ССР –нің қысқаша энциклопедиясының ІІ томы

    2. 1990 жылғы Мәскеудің «Жоғарғы мектеп» баспасынан шыққан «Ботаника» оқулығы

    3. «Қазақстан мектебі» журналы , 2008 ж

    4. «Химия мектепте»журналы , 2006 ж

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Сабын дайындаудыњ ¦лттыќ технологиясы

    Скачать 83.53 Kb.