Скачать 36.44 Kb.


Дата14.10.2017
Размер36.44 Kb.

Скачать 36.44 Kb.

«Салт-дәстүрлердің отбасын сақтаудағы ролі»



«Салт-дәстүрлердің отбасын сақтаудағы ролі»

Бабаева Г.А.,

А.Ясауи атындағы ХҚТУ

жаратылыстану факультеті,



биология кафедрасының аға оқытушысы
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаған, құрметтеген, сақтаған. Қай уақытта да  қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, тойнаурыз көжеқыз ұзатуқонағасышашуерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Бұл әрекеттер біздің өмірімізде күнделікті күйбең тіршілікте көрініс алып отыратындығы соншалық, кейде мән беріп қарамай жүретініміз тағы бар. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт - дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт - дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Отбасы осы дәстүрлердің , жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысады. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі, оның басты қызметі баланы тәрбиелеу. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген және олар салт-дәстүрлермен тікелей байланысты болған. Мысалы, азан шақыру, сүндетке отырғызу,атастыру, неке қию,құда түсу,құйрық-бауыр асату, киіт,қыздың жасауын беру, әмеңгерлік, бірінің баласын бауырға басу, енші алу сияқты барлығымызға дерлік белгілі дәстүрлермен қатар, көп қолданыста болмайтын біле бермейтін дәстүрлер де жетерлік. Мысалы, ат тергеу – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды, мысалы: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды.

Қорықтық құю – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді. 
Мойнына бұршақ салу -ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр шағын салып Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.  Осы іспеттес ұмытылып бара жатқан дәстүрлеріміз қаншама. Осы орайда, жаратылыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері жұмыла отырып , заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту және оның отбасын сақтаудағы ролін анықтауды мақсат қойып ақпанның 28 жұлдызында жұлдызында 3 корпус 211 аудиторияда пікірталас түрінде іс-шара ұйымдастырдық. Шара барысы қызықты өту үшін физика, биология және математика мамандықтарының студенттері жоғары белсенділік танытып тақырыпқа сай слайдтар, видеоролик, өздері шығарған өлеңдерін оқып би биледі. Дәстүрлердің атаулары жазылған парақшалар таратылып, қазіргі кезде біз қаншалықты бәстүрлерді білетініміз анықталды. Өткізілген іс шарада дәстүрлерді көкейлерімізге тоқып, саналарымызға сіңіріп, бұрын соңды білмеген дәстүрлерімізді біліп, ұмытқандарымызды естеріізге түсірдік .«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдіміз.
Еліміздің жарқын болашағы өзіміздің қолымызда!

c:\users\user\downloads\салт дастур бабаева\салт дастур бабаева\суреттер\img_1382-02-03-17-04-06.jpeg

Коьрта
Контакты

    Главная страница


«Салт-дәстүрлердің отбасын сақтаудағы ролі»

Скачать 36.44 Kb.