• 2 – тақырып. Марко Поло
  • 3 – тақырып. Х. Колумбтың төрт экспедициясы



  • страница2/16
    Дата27.07.2017
    Размер1.16 Mb.
    ТипБағдарламасы

    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»


    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    1 – тақырып.

    Римдік ғалым – Страбонның саяхаты

    Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы. “Географияның” 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық c:\users\мереке\desktop\190px-strabo.jpg

    кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған

    бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 – 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 – 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік БалқанГрекия; 11 – 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 – 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады.

    .

    2 – тақырып.

    Марко Поло

    c:\users\мереке\downloads\marco_polo_portrait (1).jpg

    Марко Поло, итал. Marco Polo (1254, Венеция — 1324, сонда) — Италиясаяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған.

     1271 — 75 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасы Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина,Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы 

    3 жылдан асажол жүріп, Пекинге жеткен. 1271-1275 ж.ж.олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден Қытай құрлығына табан

    тіреді. Қытайда  17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияныайналып өтіп, Жерорта т. арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. М. П. еңбегі бүкіл Азия, Солт. Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге, картографтарға, жазушыларға айтарлықтай әсер етті.Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 — 15 ғ-ларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып, Азия картасын жасауға негіз болды. 15 — 16 ғасырларда испан және португал экспедицияларын ұйымдастырушылар М. Полоның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне



    c:\users\мереке\desktop\travels_of_marco_polo.png

    жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды. Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды:» Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді. Қарапайым және өте көрікті халық ...»



    c:\users\мереке\desktop\marco_polo_traveling.jpg

    3 – тақырып.

    Х. Колумбтың төрт экспедициясы

    Христофор Колумб (ис. Cristóbal Colónитал. Cristoforo Colombo) (1451 ж. қазанның 29 — 1506 ж. мамырдың 20, ВальядолидИспания) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туылған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан. Oл бір уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі уақытта Америкаларды oннан бұрынвикингтер ашқаны белгілі. Христофор Колумб Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды.Маркo Пoлoның Қытайдың шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді.c:\users\мереке\desktop\ridolfo_ghirlandaio_columbus.jpg



    Арагон мен Кастилия патшасы Фернандо ІІ Арагoн және патшайымы Изабелла І Кастилия бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Христофор Колумб бірнеше аралдарды кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты «үнділер» деп атаған. Не барлығы Христофор Колумб Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған.

    Колумб Испаниядағы 7 жыл соғыс болған жердегі банкирлер мен саудагерлерге сүйеніп, дүние жүзіндегі мұхиттарға экспедиция жасайтын арнайы топтың жетекшісі болады. Ең алғашқы экспедиция 1492 - 93 жылдар аралығында 90 адам, 3 кемемен (Санта - Мария, Пинта, Нинья) 3 тамыз

    1492 ж. Палос аймағынан Атлант мұхитын іздеуге шықты. 15 наурыз 1493 ж Колумб Испанияға қайта оралды. Ал 2-ші экспедиция 1493-96 жж 1500 адаммен Кадистан жолға шығады. 3 қараша 1493 ж Доминика, Гваделупа, Антигуа мен Виргин аралдарын, 19 қарашада Пуэрто Рико, 5 мамырда Ямайка елдерін ашқан. 1496 ж 31 шілдеде Испанияға оралады. Ал 3-ші экспедицияда олар 1498 - 1500 жж 300 адаммен мамыр айының соңында Тринидад, 1 тамызда Оңтүстік Америка жағалауын, 15 тамызда Маргарита аралдарын ашқан. 4-ші экспедиция барысында 1502 - 1504 жж Америка материгін ашқан.

    7 қараша 1506 ж. Христофор Колумб өмірден өтті. Зерттеулері бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатыр.

    Екі Американың көп жерінде аты қалған: Колумбус қаласы (АҚШ), Британ Колумбиясы (Канада) т.б. Кoлумбия мемлекеті де oның мәртебесіне аталған.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»