• Өмір баяны



  • страница4/16
    Дата27.07.2017
    Размер1.16 Mb.
    ТипБағдарламасы

    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»


    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Өмірдерек


    Америго Веспуччи 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 жылы Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 жылы Испанияда, 1501 – 04 жылы [Португалия|Португалияда] теңізші болды, 1499 – 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында қолданылды. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды.

    Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен «Жаңа жерге» екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20 градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген Испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк», — деген дұрыс қорытындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Европа, Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар» жері деп атайтын. Сөйтіп, жаңа құрлықтың аты Америго Веспуччи атымен аталып кетті. Бұл жерді Колумб ащқанымен, ол өмірінің соңына дейін оны білмеді, сондықтан материк Америго атымен аталды.

    Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрады. Үндістердің одан әрі қарай су бар дегеніне сеніп, Испандардың көмегімен Панама мойнағына өтті. Көптеген таулардан өтіп, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитын ашты.

    Осыдан кейін Американы жаңа материк деп мойындады. Енді отаршылдар Америка байлығын именденуге жанталасып, халқын қырғынға ұшыратып, жартысын құлдыққа апарып сатты. Бұдан кейін европалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа да жерлерін өздеріне қаратып, Бейбіт халықтарын тонап, мәдениетін, салт-сана, әдет–ғұрпын аяққа басты. Колумб пен Васконың саяхаты географиялық болса, ендігі европалықтардың саяхаты басқыншылыққа негізделді.



    6 – тақырып.

    Фернан Магеланның Дүние жүзін айналу саяхаты

    Фернан Магеллан (порт. Fernão de Magalhães [fɨɾˈnɐ̃w̃ ðɨ mɐɡɐˈʎɐ̃ȷ̃s], ис. Fernando (Hernando) de Magallanes [(f)eɾ'nando ðe maɣa'ʎanes], лат. Ferdinandus Magellanus (8 қазан 1480 жыл, Саброза, Траз-уж-Монтиш, Португалия — 27 сәуір 1521 жыл, Мактан,Филиппиндер) — Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.c:\users\мереке\desktop\ferdinand_magellan.jpg

    1519 — 1521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

    Магеллан астрономия және бағдарлау (навигация) бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды.

    1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды.

    1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді.



    c:\users\мереке\desktop\hello_html_4b3779e0.jpg

    Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді.

    Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.

    Осы жағалаудың бір аймағында белгісіз бір тұрғындар өмір сүреді екен. Фернандо Магеллан және оның серіктері сол тұрғындарымен қақтығыста Фернандо Магеллан және 247 адам қаза табады. Сөйтіп экспедицияның барлық құрамынан 1 кеме 18 адам еліне қайтады.

    Осылайша, Фернандо Магеллан 1521 жылдың 27 сәуірінде 41 жасында қайтыс болады.

    7 – тақырып.

    Фрэнсис Дрейк

    Френсис Дрейк жерді айналып шыққан тұңғыш ағылшын ретінде танымал(1577-1580 ж.ж.). Ол испандық флот-Жеңімпаз армаданы Гравелиндегі шайқаста (1588 ж.) талқандаған ағылшын флотына қолбасшылық еткен.c:\users\мереке\desktop\1002138_ph03603.jpg

    1577 ж. қарашасында патшайым I Елизавета Дрейкті Американың тынықмұхиттық жағалауын шолып қайтуға жұмсады.Саяхаттың ресми мақсаты жаңа жерлерді, жекелей алғанда, Австралияны ашу еді.Шын мәнінде Дрейкке Испандық Американың тынықмұхиттық жағалауларына жорық жасап, испан алтындарын барынша тонап келу тапсырылды. Төрт кемеден тұратын Дрейк қосыны Плимуттан ұзап кетті.1578 ж. ол Ла-Плата сағасына жетті және оңтүстікке қарай баяу қозғала отырып, Патагония жағалауынан қолайлы айлақты байқады.Дрейктің жолсеріктерінің бірі патагондықтарды былай сипаттады: «Олар қайырымды кісілер болып жолықты және бізге христиандардан көрмеген жақсылықтар жасады...» Магеллан бұғазы арқылы Дрейк флотилиясы Тынық мұхитқа желкен керуі сол-ақ екен, алай-түлей дауыл соқты.Бір кеме із-түссіз құрдымға кетті,екіншісін сұрапыл жел бұғазға айдап тықты, ол Атлант мұхитына бас сауғалап,Англияға қайта оралды,үшіншісін өртеп жіберуге тура келді.Аман қалған «Бірқазан»кемесі Тынық мұхитын басып өтіп, «Алтын марал» деген атауға ие болды.Екі ай бойы соққан дауыл оны алыс оңтүстікке тықсырып тастады.Қазанның аяғында теңізшілер оңтүстікте «ең алыс»аралды байқады. Еркін су кеңістігін ашу Дрейкке Отты жердің құпия оңтүстік материктің шоқысы емес, шексіз теңіз ағылып жатқан аралдар шоғыры екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Антарктида ашылғаннан кейін оның Отты жермен арасындағы өткелі Дрейк бұғазы деп аталды. Дрейк испан кемелеріне шабуылдай отырып, тынықмұхиттық жағалауларды бойлай жүзді.Тынық мұхитты кесіп өткеннен кейін Молукк аралдарына шықты, және Африканы айналып өтіп, Англияға 1580 ж. қыркүйегінде оралды.Ол Англияның жылдық табысынан екі есе артық олжамен оралды.Осы жолғы сапары үшін Дрейкке рыцарьлық атақ берілді.

    c:\users\мереке\desktop\drake-map.jpg

    Қосымша... 12 жасында Дрейк сауда кемесіне қолбала ретінде жұмысқа тұрды.Кеме қожайыны жас шәкіртіне барынша көңілі толатын және өлім сәтінде оған кемесін табыстап кетті.Осылай 18 жасында Дрейк толық құқықты капитанға айналды.



    8 – тақырып.

    Абель Тасман

    c:\users\мереке\desktop\95027377_abeltasman1903.jpg

    Голандық саяхатшы Абель Тасман (1603 – 1659) Аустралиялы Оңтүстік жарты шарды зерттеуге үлес қосқан.

    Ол алғаш саяхатын 1639 жылы Маттис Кваста экспедициясы құрамында басталды. 1642 жылы 14 тамызда Нидерландыда Үнді мұхиты арқылы

    Оңтүстік жарты шарды зерттеуге шықты. 1462 жылы 8 қарашада Тасмания аалы, 13 – ші желтоқсанда Жаңа Зеландия аралдарын ашты.

    Тасман саяхаты оңтүстік жарты шарда Того, Фиджи аралдарын ашқандағы туралы мағлұмат беру.

    c:\users\мереке\desktop\mediapreview.jpg

    9 – тақырып.

    Джеймс Кук

    Джеймс Кук (ағылш. James Cook , 7 қараша 1728 ж., Мартон, Йоркшир — 14 ақпан 1779 ж., Гавайи аралы) — ХҮІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.c:\users\мереке\desktop\captainjamescookportrait.jpg


    Өмір баяны


    Джеймс Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді, онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын ағылшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке ГолландияданНорвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Санкт-Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды.

    Жеті жылға созылған ағылшын - француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кемеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан соғыстарға жібереді. Ол өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да, Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады.

    Бұл кезде Кук геометрияастрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд [[]]аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін, Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитында испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.

    1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа ЗеландияАустралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771жылы 12 шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.

    1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады.

    1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39-35’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп, 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 – 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.

    Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774 жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.



    10 – тақырып.

    Витус Беринг

    c:\users\мереке\desktop\vitus_bering.jpg

    Беринг (Berіng) Витус Ионассен

     (12.8.1681, Дания, Хорсенсе қаласы — 8.12. 1741) — орыс теңізшісі. 1703 ж. Ресей Әскери-теңіз флотына қызметке шақырылған.


    • 1704 — 24ж.Балтық және Азов флоттарында қызмет істеген.

    • 1724 ж. Петр І нің бұйрығымен Орыс флотының 1-ранглі капитаны қызметіне алынған.

    • 1725 ж. Азия мен Америка аралығындағы бұғаздың бар-жоғын анықтау мақсатын көздеген. Беринг Камчатканың шығыс жағалауы мен Чукот түбегінің оңтүстігін, шығыс жағалауын айнала жүзіп, 67018' солтүстік ендікке дейін жеткен. Бұл сапарда Әулие Лаврентий, Әулие Диамид аралдарын, Азия мен Америка аралығындағы бұғазды (кейіннен Беринг есімімен аталған), Дежнев мүйісін ашты.

    • 1732 ж. 2-Камчатка экспедициясын басқарды. Экспедиция география тарихындағы елеулі оқиға болды. Зерттеу нәтижелері мен карталары негізінде Берингтің 30-дан аса ғылыми еңбегі жарық көрді.

    Беринг 1742 ж. 8-желтоқсанда Тынық мұхиттағы елсіз аралда қайтыс болған. Сол арал мен өзі ашқан бұғаз, теңіз Берингтің есімімен аталған.

    c:\users\мереке\desktop\bering_karta.jpg

    11 – тақырып.

    Беллинсгаузен мен Лазаревтің саяхаты

    c:\users\мереке\desktop\загружено.jpg c:\users\мереке\desktop\6db0d76cfa153e2af1d31e11dda74607_150_250_1_1_0.jpgФаддей Фаддеевич Беллинсгаузен – (1778 – 1852) орыс теңіз саяхатшысы, адмирал. Эстонияның Эзель қаласында туған. Михаил Петрович Лазарев (1788 – 1851) орыс флотшысы, адмирал. Ресейдің Владимир қаласында, дворян жанұясында дүниеге келген.

    1819 – 1821 жылдары «Восток» кемесінің командирі Беллинсгаузен мен «Мирный» кемесінің командирі Лазарьев басқарған экспедиция саяхаты нәтижесінде 1820 жылы Антарктида материгін, Петр І – нің есімімен аталған аралды, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдардың саяхат нәтижесінде ашылғандығын айту.

    Оқушыларға Беллинсгаузен мен Лазарев есімімен аталған жерлер туралы айту.

    c:\users\мереке\desktop\7.jpg c:\users\мереке\desktop\596007_900.jpg

    12 – тақырып.

    Руаль Амундсен

    Руаль Амундсен норв. Roald Engelbregt Gravning Amundsen c:\users\мереке\desktop\nlc_amundsen.jpg

    (1872-1928) – норвег саяхатшысы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 20 жасында Кристияния қаласындағы университеттің медицина факультетін бітіреді. 

    1894 – 99 жылдары аралығында бірде матрос, бірде штурман болып әр түрлі кемеде жүзген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында “Йоа” кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан (1910) “Фрам” кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген – Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша “Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып “Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»