• Кадет корпусы



  • страница8/16
    Дата27.07.2017
    Размер1.16 Mb.
    ТипБағдарламасы

    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»


    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

    17 – тақырып.

    Шоқан Уалиханов

    c:\users\мереке\desktop\d188d0bed0bad0b8.jpg

    Өмірбаяны


    Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан,  Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

    Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.



    https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/a/aa/4okan_u.jpg/300px-4okan_u.jpg

    Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге

    Кадет корпусы


    1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.

    Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

    Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.

    Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді.



    Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

    Коьрта
    Контакты

        Главная страница


    Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»